Ағымдағы жылдың 18 сәуірінде Департамент басшысы Г.К. Уздембаева жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді. Қабылдауға Павлодар қаласының балабақшаларының бірінде тәрбиеші болып жұмыс істейтін азамат Б. жазылды. Департамент басшысының атына өтініш келіп түсті, онда тәрбиеші Б.педагогикалық этика нормаларын сақтамағаны, жиендері қиын жағдай болған туралы Құқық қорғау органдарына хабарламағаны көрсетілген.
Тәрбиешімен қызметтік және қызметтік емес уақытта педагогтің мінез-құлқы бойынша педагогикалық әдеп нормаларын сақтау бойынша әңгіме жүргізілді. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы № 190 «Педагогтер қызметтік және қызметтік емес уақытта: 1) педагогикалық әдептің негізгі қағидаттарын сақтайды» бұйрығымен бекітілген педагогикалық әдеп қағидаларының 3-тарауының 7-тармағының 1) тармақшасына сәйкес.
Сондай-ақ, бұл мәселе педагогикалық этика кеңесінде талқыланады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-pavlodar/press/news/details/979371?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау