“Еңбек ардагері “медалімен марапатталған.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бекембай Реш Бекбергенұлы  1936 жылы 1 мамырда Талдықорған облысы , Нұрмолда Алдабергенов ауданында дүниеге келген. Тыл және Еңбек ардагері.

  1945 жылы М.И.Калинин атындағы бастауыш мектептің

4 сыныбын аяқтады.  Көршілес  Қорғантұз  орта мектебін

1956 ж  10 -сыныбын бітірді. Кейін 3 жыл әскери борышын өтеп келді.  Әскерден келген соң, 6 айлық шоферлық курс оқыды.

  1959  жылы  Сүлейменова  Базар Сүлейменқызымен отбасын құрды.  2 ұл, 6 қыз,  немере,  шөберелері бар.

  1959  жылы  Қазақ  политехникалық  институтқа  түсті.

1964- жылы отбасы жағдайына байланысты елге оралып,  Шалқар аудандық ” Қазпошта” , кейін телекоммуникациялық  “Қазтелеком” мекемесінде  қызмет атқарды.

1992- жылы зейнеткерлік жасқа шыққан соң, ауданның қоғамдық жұмысына белсене араласты.

  Қазақстанның түкпір-түкпірін аралап жүріп, “Баубек ата ұрпақтарының шежіресін” жазумен айналысты.  2001 жылы жинақ алғаш жарыққа шықты.  2008 жылы қайта өңделіп, Ақтөбе каласы “Насихат” баспасынан басылып шығарды.

  2006 -жылы  Қасиетті Мекке – Мәдинеге қаласына сапар шегіп, “Әкпар Қажы”  аттанды.

  Облыстық “Ақтөбе” газеті,  аудандық “Шалқар”,”Шежірелі өлке” газет беттеріне әр түрлі материалдары  баспа бетіне жарияланды.

  2008-2009 -жылдары арлығында Аққайтым ауылдық окугінің көгілдір газбен қамтамасыз ету мақсатында ауыл үйлеріне газ кіргізу жұмыстарына белсенді атсалысты.

  “Көңіл түйткілдері”  өлеңдер жинағы жарыққа шықты.  Жарты ғасырдан астам өмірінде елдің, халықтың  бірлігін ойлады.

 Ардагер Бекембай Реш Бекбергенұлы – кейінгі ұрпаққа өнеге, ауыл-аймаққа сыйлы азамат ретінде танылған тұлға.

         «Еңбек ардагері» медалімен және «КСРО байланыс қызметінің үздігі» төсбелгісімен марапатталған.

 

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-shalkar-zhanakonys/press/news/details/980236?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version