Халықаралық дөңгелек үстел: «Қосымша білім беру ұйымдарының желілік өзара әрекеттестігі»

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Халықаралық дөңгелек үстел:

«Қосымша білім беру ұйымдарының желілік өзара әрекеттестігі»

 

Кәсіби ынтымақтастықты дамыту және тиімді басқарушылық тәжірибе алмасу мақсатында «Қосымша білім беру ұйымдарының желілік өзара әрекеттестігі» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға Қостанай облысының колледждерінің, жалпы білім беретін мектептерінің өкілдері, қосымша білім беру ұйымдарының директорлары, олардың орынбасарлары сондай-ақ және Челябі (РФ) облысының ғылыми-әдістемелік қызмет басшылары қатысты.

Дөңгелек үстел барысында келесі мәселелер талқыланды:

– желілік әріптестіктің заманауи үлгілері,

– ұйымдар ресурстарын біріктіру тетіктері,

– халықаралық және өңіраралық табысты жобалардың мысалдары,

– бірлескен қызметті ұйымдастыруға арналған цифрлық құралдар,

– кәсіби қауымдастықтарды кеңейту перспективалары.

Кездесу форматы ашық диалог орнатуға, табысты тәжірибелермен бөлісуге және өзгермелі білім беру кеңістігінде басшылар тап болатын өзекті мәселелерді бірлесе талқылауға мүмкіндік берді.

Желілік өзара әрекеттестік – бұл сапаны арттырудың, мүмкіндіктерді кеңейтудің және тұрақты кәсіби қауымдастық қалыптастырудың тиімді жолы!

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bilim/press/news/details/979989?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version