Халықаралық ескерткіштерді қорғау күніне орай, сенбілік өткізілді.
1983 жылы ЮНЕСКО жанынан құрылған Халықаралық ескерткіштер мен көрнекті орындарды қорғау мәселелері жөніндегі кеңес ассамблеясы бекітіп, 1984 жылдан бері атап өтіледі. Мерекенің басты мақсаты – тарихи ескерткіштерді сақтау және мәдени мұраны қорғау мәселелеріне қоғамның назарын аудару.
18 сәуір – Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күніне орай, Жағатал ауылдық округі Қабанбай батыр атындағы орта мектебінің ауласында орналасқан ескерткішке сенбілік акциясы өткізілді. Акцияның мақсаты – тарихи-мәдени ескерткіштер мен олардың аумағын сақтау және қалыпты жағдайда ұстау. Шара барысында 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне арналған ескерткіш маңайына тазалау жұмыстары жүргізіліп, қоқыстан тазартылып, абаттандырылды. Игі шараның аясында ауылымыз көркейіп, қоршаған ортамыз тазаланды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-zhagatal/press/news/details/979442?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау