“KERUEN SCIENCE” РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАСӨСПІРІМДЕР ОЛИМПИАДАСЫ – 2025

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астана қаласында химия және биология пәндері бойынша 7–8 сынып оқушыларына арналған “Keruen Science” республикалық жасөспірімдер олимпиадасы ұйымдастырылды.

Олимпиаданың басты мақсаты – оқушылардың аталған пәндерге деген қызығушылығын арттыру, терең білімге ынталандыру және болашақ олимпиадалық резервті қалыптастыру.

Шымкенттік оқушылар – жүлдегерлер қатарында

Олимпиада нәтижесінде Шымкент қаласынан қатысқан 8 оқушы жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды:

  • 🥈 II орын – Ақмаржан Әлі (OKS-Education Seitzhan School)

  • 🥉 III орын – Раиса Ли (М.Х. Дулати атындағы үш тілде оқытатын мамандандырылған №8 гимназия)

Сондай-ақ, грамотамен марапатталғандар қатарында:

  • Алина Решетникова (№8 гимназия, М.Х. Дулати атындағы)

  • Айша Әлібек (OKS-Education Seitzhan School)

  • Айдана Абдуразах (OKS-Education Seitzhan School)

 Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

Барлық жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!
Жаңа белестер мен асулар сіздерді күтуде. Білім мен ғылым жолындағы жетістіктеріңіз еселене берсін!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-bilim/press/news/details/980298?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version