КҮНІНЕ 5 МЫҢ ТОННА ШИКІЗАТ ӨНДІРЕДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
Төлеби ауданының әкімі Еркеғали Әлімқұлов 1958 жылы құрылып, сол кезден бері 67 жылдан астам Кемеқалған ауылдық округі аумағындағы тау-тасты қопарып, шикізат алып жүрген «Шымкентцемент» АҚ –ның кен орнымен танысуға арнайы барды.
Зауыт өз иелігіндегі «Оңтүстік» және «Солтүстік» кен орындарында аптасына екі рет жарылыс өткізіп, күніне 5 мың тонна құм мен тасты цемент дайындау үшін 20 вагонмен Шымкент қаласына жеткізеді. Кен орнында болған жарылыс салдарынан бұлақ көздері тартылып, округ халқы ағын су азабын тартып отыр.
Аудан әкімі зауыт өкілдерімен бірнеше рет кездесіп, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында түзілген меморандум негізінде
Киелітас, Ақбастау, Алғабас елді мекендерін ауыз сумен қамту үшін ұңғыма қазып, Алғабас, Ақбастау елді мекендеріне заманауи спорт кешенінің құрылысын көрсетілген мерзімде аяқтауды сұранды. Бұған қоса, Төлеби ауданының кіріс көзін ұлғайту мақсатында салық төлеуші ретінде тіркелуді де өтінді. Мекеме тарапынан меморандумда көрсетілген міндеттемелердің мерзімі сақталмауына орай, тұрғындар наразылық білдіруде.
Еркеғали Амантайұлы карьердің жұмысымен танысып, заң аясында жұмыс жүргізуді сала басшыларына тапсырды.
Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-tolebi-audany/press/news/details/980031?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version