Мемлекет басшысы Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілерін марапаттады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен және өңірдегі қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету міндеттерін орындап жүрген әскери қызметшілермен кездесті.

Мемлекет басшысы елдегі тұрақтылықты нығайту жолындағы қызметтің маңыздылығын баса атап өтіп, құқық қорғау құрылымдарының қоғамдық тәртіп пен мемлекеттік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосқан үлесін жоғары бағалады.

Ел Президентінің Жарлығымен қызметтік борышын өтеу кезінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Қорғаныс министрлігінің бірқатар әскери қызметшілері «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен марапатталды.

Мемлекеттік награданы ел Президентінің қолынан теңіз жаяу әскерлері бригадасы байланыс ротасының командирі гвардия капитаны Алмас Әбузәкіров, әртекті корабльдер дивизионы «Қайсар» диверсияға қарсы катерінің командирі аға лейтенант Мұрат Дәндібаев, Әскери-теңіз базасының сержанты 1-сыныпты старшина Болат Райымханов және Арнайы операциялар күштері жауынгерлік жүзушілер тобының сержанты аға сержант Асылхан Темірханов алды.

Президент марапатталған әскери қызметшілерге шынайы қызметі мен Отанға адалдығы үшін алғысын білдіріп, ерлік пен борышқа адалдық үлгілері ерекше құрметке лайық екенін және жас ұрпаққа өнеге болатынын атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/979571?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version