Қазақстан Республикасында Тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 16 қазандағы № 914 қаулысына, «Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын денсаулық сақтау жүйесінде іске асыру жөніндегі 2023-2029 жылдарға арналған іс-қимыл жоспарына» және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жетекшілігімен ҚР Денсаулық сақтау жүйесі мекемелерінің арасында «Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты республикалық конкурс жариялап, ұйымдастырылды.
Конкурс жеңімпаздарын марапаттау рәсімі ағымдағы жылғы 18 сәуірде Алматы қаласында С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде өтті, аталмыш іс-шарада Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бас маманы Тоғжан Сарсембекова «Үздік тіл маманы» аталымы бойынша төсбелгісімен марапатталды.
Департамент ұжымы әріптесімізге зор денсаулық пен қызметте биік марапаттарға ие болуын, кәсіби табыстарға жете беруіңізді тілейді!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-karaganda/press/news/details/980028?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау