ШҚО ББ «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ-нің 2025 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 16 сәуірінде мектеп жасына дейінгі балалармен «Мен зерттеушімін» республикалық танымдық-зерттеушілік конкурсының облыстық кезеңі өткізілді.
Байқау комиссиясы Ережеге сәйкес облысымыздың 8 аудан/қалаларынан келіп түскен 16 материалды зерделеп, жан-жақты талқылап, төмендегідей қорытындысын шығарды:
1-орын (ересек топ) – ШҚО ББ «Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің «Күршім ауылының балабақшасы» КМҚК,
(мектепалды топ) – ШҚО ББ «Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің «Мукарама атындағы мектеп-балабақша кешені» КММ;
2-орын (ересек топ) – ШҚО ББ «Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің «Балауса-Балғын» бөбекжайы» КМҚК, (мектепалды топ) – ШҚО ББ «Риддер қаласы бойынша білім бөлімінің «Куаныш» балабақшасы» КМҚК, ШҚО ББ «Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің «Сказка» бөбекжай-балабақшасы» КМҚК;
3-орын (мектепалды топ) – ШҚО ББ «Дарынды балаларға арналған мамандандырылған валеологиялық мектеп-кешені» КММ, ШҚО ББ «Глубокое ауданы бойынша білім бөлімінің «Ақбота» бөбекжайы» КМҚК, ШҚО ББ «Катонқарағай ауданы бойынша білім бөлімі «Ақсу орта мектебі» КММ.
Аталымдар:
«Үздік бірлескен (ата-анамен) жұмыс» – ШҚО ББ «Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің «Сказка» бөбекжай-балабақшасы» КМҚК;
«Жас эколог» – ШҚО ББ «Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің «Бірлік негізгі орта мектебі» КММ;
«Тапқыр зерттеушілер» – ШҚО ББ «Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің «Сказка» бөбекжай-балабақшасы» КМҚК;
«Жаңалық жаршысы» – ШҚО ББ «Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің «Балдырған» бөбекжайы» КМҚК;
«Креативті жұмыс» – ШҚО ББ «Дарынды балаларға арналған мамандандырылған валеологиялық мектеп-кешені» КММ;
«Шығармашыл балалар» – ШҚО ББ «Глубокое ауданы бойынша білім бөлімінің «Ақбота» бөбекжайы» КМҚК;
«Ізденімпаз бала» – ШҚО ББ «Катонқарағай ауданы бойынша білім бөлімінің «Айгөлек» бөбекжайы» КМҚК;
«Жас зерттеушілер» – ШҚО ББ «Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің «Болашақ» балалар бақшасы» КМҚК
Жеңімпаздарды құттықтай отыра, шығармашылық табыстар тілейміз!
https://youtu.be/OyVCAJ-N_Sw?feature=shared
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kurchum-roo/press/news/details/980118?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау