Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген жастарды қолдау, ынталандыру, бәсекеге қабілетті жастарды тәрбиелеу мақсатында 2025 жылғы 18 сәуірде облыстық «Тілдарын» байқауын өткізді.
Байқауға келген қатысушылардың білімдерін бағалаған Е.Бөкетов атындағы Қарағанды зерттеу университетінің доценті, «Құрмет» орденінің иегері, комиссия төрағасы Қағазбаев Жаңбырбай Ахметұлы, ардагер журналист, облыс әкімінің «Тіл жанашыры» сыйлығының иегері Батырханова Сағат Сыдыққызы, «Ortalyq Qazaqstan» газетінің жауапты хатшысы Шалқар Жәлел Қуандықұлы, «Білім беру ісінің құрметті қызметкері», «Еңбек ардагері» және «Т. Айбергеновке 80 жыл» медалінің иегері, ардагер ұстаз Иманғалина Шамшипану Мажкенқызы, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды зерттеу университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты Жұмабеков Мейрам Кеңесұлы комиссия мүшелері байқауға қатысушы жастардың қазақ елінің ұлы тұлғалары, берілген мақал-мәтелдердің мағынасын ашу, еліміздің қасиетті, киелі жерлері туралы сұрақтарға үш тілде сауатты сөйлеу қабілеттерін бағалады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-til-damytu/press/news/details/979803?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау