«Оңалту орталығының, психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің, аутизм орталығының үздік педагогі», «Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның үздік маманы» республикалық байқауларының облыстық кезеңі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ 2025 жылдың 18 сәуірінде «Оңалту орталығының, психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің үздік педагогі» атты республикалық байқауларының облыстық кезеңін өткізді.

Байқауға облыстың аутизм орталығының, психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінің  3 педагогі және ПМПК-ның 2 маманы қатысты. Қатысушылардың жұмыстарын байқаудың ережесіне сәйкес құзыретті қазылар алқасы бағалады.

Байқау қорытындысы бойынша:

«Үздік сабақ» номинациясында (жеке немесе кіші топтық)

І орын – Байдаханова Аяулым Қабылғазықызы, «Өскемен қаласының психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ дефектолог-мұғалімі;

ІІ орын – Қабылғазина Еркеназ Қабылғазықызы «Асыл Мирас» аутизм спектрі бұзылған балаларды қолдау орталығының дефектолог-мұғалімі;

«Үздік әдістемелік кейс» номинациясы бойынша арнайы педагог, педагог-психолог, ЕДШ нұсқаушысы;

ІІ орын – Банникова Мария Анатольевна, «Риддер қаласының психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ педагог-психологі;

«Баланың ерекше білім беру қажеттіліктерін үздік бағалау» номинациясында;

І орын – Буркашева Шынар Толыбаевна, «Облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация» КММ дефектолог-мұғалімі;

ІІ орын – Идришева Майгуль Ергалиевна, «Облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация» КММ педагог-психологі иеленді.     

Байқаудың облыстық кезеңінің жеңімпаздары, республикалық байқау кезеңіне қатысуға жолдама алады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/979529?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version