Пасха – мейірімділік пен рухани жаңғырудың, үміт пен ізгілікке деген сенімнің нышаны. Бұл мереке адамдарды бейбітшілікке, татулық пен бірлікке үндейді.
Қазақстанда барлық дін өкілдерінің өз сенімін еркін ұстануына жағдай жасалған. Конфессияаралық келісім мен қоғамдық тұрақтылық – басты құндылықтарымыздың бірі. Пасха мерекесін тойлау – осы құндылықтарды нығайта түсетіні сөзсіз.
Сіздерге ел бірлігі мен тұрақтылығының, бейбіт өмір мен гүлденудің мәңгілік болуын тілейміз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy-din/press/news/details/979667?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау