«Петропавл электротехникалық зауыты» ЖШС-ға бару

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне, сондай-ақ Жұмысшы мамандықтар жылына арналған іс-шаралар жоспарын орындау аясында 2025 жылғы 15 сәуірде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті «М. Қозыбаев атындағы СҚУ» КЕАҚ және  «Солтүстік Қазақстан университетінің колледжі» ҒБМ студенттерінің «Петропавл электротехникалық зауыты» ЖШС-ға баруын ұйымдастырды.

Сапар барысында студенттер жоғарыда аталған зауыттың жұмыс принципімен танысты, сондай-ақ, оларға өндірістегі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау нормалары түсіндірілді.

Осы іс-шараның қорытындысы бойынша жауапты адамдар студенттердің сұрақтарына жауап берді.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-enbek/press/news/details/980051?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version