СҚО-да 408 білім беру нысаны жеке күзет құрылымдарының қызметін пайдаланады. «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында полицейлер күзет агенттіктерінің басшыларымен жұмыс кездесуін өткізді. Тәртіп сақшылары оқу орындарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін талқылады.
Күзетшілер полицияға белгілі болған қылмыстар мен құқық бұзушылықтар туралы хабарлап қана қоймай, мектеп басшылығына ықтимал буллинг және басқа да жанжалды жағдайлар туралы хабарлауы тиіс. Күзет құралымдары қызметкерлерінің біліктілігін ұдайы арттырып отыруы, дағдарыстық жағдайлар туындаған кездегі іс-қимыл алгоритмін жеткізуі қажет.
Сондай-ақ кездесу барысында полиция қызметкерлері жеке күзет құрылымдарымен қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморандумды қайта жасады. 2022 жылы алғаш рет қол қойылған бұл құжат күзет агенттіктері басшыларының қолдарымен қайта бекітіліп, мөр басылды. Олардың көпшілігі өңірде өз қызметтерін соңғы 3 жылда бастаған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-sko/press/news/details/979602?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау