«Тәртіпті өзіңнен баста!» акциясын іске асыру шеңберінде Қонаев қаласының прокуратурасы мамандандырылған прокуратурамен, қылмыстық-атқару жүйесі департаментімен және білім бөлімімен бірлесіп, оқушылардың қылмыстық-атқару жүйесі мекемесіне баруын ұйымдастырды.
Іс-шара барысында балаларға сотталғандардың ұсталатын жағдайлары көрсетіліп, құқық бұзушылық пен қылмыс жасаудың салдары, заң талаптарын сақтау қажеттілігі туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сотталғандар өздерінің өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, заң бұзушылықтың қандай ауыр нәтижелерге әкелетінін нақты мысалдар арқылы жеткізді.
Іс-шараның мақсаты – кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, жастардың заңға деген құрметін қалыптастыру және құқықтық мәдениетін арттыру.
Қала прокуратурасы кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бағытында осындай алдын алу шараларын жүйелі түрде жүргізуді жалғастыратын болады.
#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП
#ҚауіпсізҚоғам
#ЗаңҮшін
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-almaty-obl/press/news/details/980153?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау