Бас прокуратураның тапсырмасы бойынша Қарағанды облысыныңпрокуратурасы бос тұрған және жүктемесі аз кәсіпорындардың қызметінқалпына келтіруді қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізуде.
Мониторинг барысында Бұқар жырау ауданындағы сүт өнімдерін шығаратын ЖК «Серикова» шағын зауыттың ұзақ уақыт бойы тоқтап тұрған жобасы анықталды.
Прокурорлар зауыттың іске қосылуына жергілікті атқарушы орган тарапынан қағазбастылық пен әкімшілік кедергілер себеп болып отырғанын анықтады.
Атап айтқанда, аудандық Сәулет және қала құрылысы бөлімі құжаттардың сәйкес болмауын алға тартып, кәсіпкерге нысанды бекітуден және қайта тіркеуден екі рет заңсыз бас тартқан.
Қадағалау актісіне сәйкес бұзушылықтар жойылып, нысан қайта тіркеліп, кінәлілер тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Бұл өндірісті іске қосуға және 5 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берді. Инвестор қазірдің өзінде 22 миллион теңгенің құрал-жабдықтарын сатып алып, өнімді сата бастады.
Зауыттың өндірістік қызметі бәсекелестік пен бюджетке тұрақты салық түсімдерін қамтамасыз ете отырып, облыс экономикасына оң әсерін тигізеді.
Прокуратура бизнес пен инвесторлардың құқықтарын қорғауға ерекше назар аудара отырып, басқа да жүктемесі аз және бос тұрған кәсіпорындардың мәселелерін анықтау және шешу бойынша жұмысты жалғастыруда.
Қарағанды облысының прокуратурасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-karagandy/press/news/details/979566?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау