Қаламызда көлік қозғалысына кедергі келтірмеу мақсатында жол сызықтары түнгі уақытта сызылуда. Түнгі жұмыстар барысында:
– Тұран шағынауданында жол сызықтарын сызу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр;
– Тәуке хан даңғылының жол сызықтары жаңартылды;
– Аймауытов көшесінің жаяу жүргінші өткелі;
– Сырым батыр көшесінің жаяу жүргінші өткелі;
– Бейбітшілік көшесі;
– Өтегенов Төлеметов көшелеріне жол таңбалары сызылды.
Шымкент қаласында биыл 1000 шақырым көшенің жол таңбалары жаңартылып, сызылатын болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-zhol-kolik/press/news/details/979884?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау