Қарағанды облысы ТЖД 2025 жылдың алғашқы тоқсаны қорытындыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қарағанды облысының ТЖД департамент басшысы Марғұлан Аманбаевтың төрағалығымен 2025 жылдың алғашқы тоқсанының жұмыс нәтижелері бойынша кеңейтілген жедел кеңес өтті.

Кеңес барысында облыстық Төтенше жағдайлар департаменті мен оның құрылымдық бөлімшелерінің 2025 жылдың алғашқы үш айындағы жедел-қызметтік қызметінің қорытындылары қаралды. Жиын барысында тәртіп пен заңдылықтың сақталуы, техника мен жабдықтардың техникалық жай-күйі, сондай-ақ құрылымдық бөлімшелер арасындағы өзара іс-қимылды үйлестіру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар, ҚР ТЖМ «Ауыл құтқарушылары» ведомстволық бағдарламасы аясында жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, ауылдық елді мекендерде өрт сөндіру бекеттерін жаңғырту және жаңаларын салу мәселелері талқыланды.

Отырыс қорытындысы бойынша қызметті одан әрі жетілдіру мақсатында нақты тапсырмалар жүктелді. ТЖД басшысы алда келе жатқан өрт қауіпті және суға шомылу маусымдарын қауіпсіз өткізу үшін тиісті алдын алу шараларын күшейтуді тапсырды. Бұл бағытта халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу, материалдық-техникалық базаны нығайту және жеке құрамның дайындық деңгейін арттыру басты міндет ретінде айқындалды.

Қарағанды облысы ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-karaganda/press/news/details/979984?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version