Қарағанды облысының 2025 жылғы қаңтар – наурыз айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылдың қаңтар-наурыз айының қорытындысы бойынша Қарағанды облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының оң динамикасы қамтамасыз етілді.

Экономиканың өсу қарқыны (Қысқа мерзімді экономикалық индикатор) 12,9%-ды құрады.

Өнеркәсіп саласында 1 088,7 млрд. теңгеге өнім өндірілді, нақты көлем индексі – 115,1%.

Негізгі капиталға 164,9 млрд. теңге инвестицияланды.

Құрылыс жұмыстары 3,6%-ға өсіп, 63,2 млрд. теңгені құрады.

53,6 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 34,6 млрд. теңгені құрады.

Жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 99 535 бірлікті құрады.

Ішкі сауда бойынша 880,5 млрд. теңге көлемімен нақты көлем индексі 101,2%-ды құрады.

Көлік саласында қызмет көрсету көлемі 119,1 млрд. теңге сомасында қалыптасып, өткен жылдың деңгейіне 20,8%-ға өсті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-economy/press/news/details/979799?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version