«ҚАРЖЫЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ» ТАҚЫРЫБЫНДА ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУ ӨТКІЗІЛДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ағымдағы жылдың 18 сәуір күні «AMANAT» партиясының «Қарызсыз қоғам» партиялық жобасы аясында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің ұйымдастыруымен «Қаржылық қауіпсіздік және тұтынушылардың құқықтарын қорғау» тақырыбында колледждер мен  жоғары білім беру ұйымдары студенттері арасында өткен облыстық конкурстың қазылар алқасының мүшесі ретінде Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі Берікбол Байхожаев қатысты.

Байқауға Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті, Қызылорда «Болашақ» университеті,  Қызылорда ашық университеті, Orda жоғары колледжі, Қызылорда  аграрлық – техникалық жоғары колледжі мен М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі студенттері қатысып, 3 кезең бойынша бақ сынады.

1-ші кезеңде студенттер «Алаяқтық схемаларды қалай тануға болады?», «Уәде көп, пайда жоқ: Қаржы пирамидасының құпиясы», «Саған біреу ақша аударды ма?», «Қаржылық алаяқтықтың заманауи түрлері», «Қаржылық сауаттылық – заман талабы» тақырыптарында эссе жазды. Екінші кезеңде ғылыми жобаларын қорғап, онан соң викториналық сұрақтарға жауап берді.

Байқау қорытындысы бойынша жүлделі бірінші орынды Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің «Финанс феникстері», екінші орынды М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің «Мәншүк жастары» командасы  жеңіп алса, үшінші орын Қызылорда аграрлық – техникалық жоғары колледжінің «AgroPaySecure» және Қызылорда «Болашақ» университетінің  «Qadam» командаларына бұйырды.

Үш кезеңнің қорытындысы бойынша қазылар алқасының шешімімен жеңіске жеткен командалар арнайы Алғыс хаттар және қаржылай сертификаттармен марапатталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-kyzylorda-oblysy/press/news/details/980080?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version