📍 14–16 сәуір, 2025 жыл – Орал қаласы
Орал қаласында 14 сәуірден бастап Қазақ күресінен 2005–2007 жылы туған жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтуде. Ауқымды бәсекеге еліміздің барлық 17 облысынан және республикалық маңызы бар Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан жалпы саны 468 спортшы қатысуда. Сонымен қатар, чемпионатқа 20 жаттықтырушы, 30 төреші және 20 ресми өкіл келіп отыр.
Қатысушы аймақтар:
Абай, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Ұлытау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстары
және Астана, Алматы, Шымкент қалалары
Салмақ дәрежелері:
Ұлдар: -55, -60, -66, -72, -78, -84, -90, -100, +100 кг, «Түйе балуан»
Қыздар: -44, -48, -52, -56, -60, -65, -70, +70 кг
Ашылу салтанаты
14 сәуір күні жарыстың салтанатты ашылу рәсімі өтті. Шараға Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бақдәулет Сәбитов, ҚР Қазақ күресі федерациясы Ассоциациясының бас директоры Дамир Бекбосынов қатысып, чемпионатқа қатысушы жас балуандарға сәттілік тіледі.
Сонымен қатар, ұлттық спортымыз – қазақ күресін кеңінен насихаттау мақсатында Орал қаласына республикалық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері келіп, ақпараттық қолдау көрсетті. Атап айтқанда, бұл қатарда «Астана» телеарнасы, «Qazsport» телеарнасы, «Информбюро» ақпараттық қызметі және басқа да БАҚ өкілдері бар.
Сонымен бірге, Кувейт мемлекетінен келген «Al-Jarida» ақпараттық агенттігінің онлайн платформасының басшысы Mohye Amer арнайы сапармен келіп, ұлттық төл спортымен жақынырақ танысты.
Көрсетілім
Чемпионаттың белдесулері QAZSPORT телеарнасында және BQO_SPORT YouTube арнасында тікелей эфирде көрсетілуді.
Жарыс нәтижелері
🥇 14 сәуір – Алғашқы күн нәтижелері:
Қыздар:
- -60 кг
- Сматали Ақбота (Жетісу обл.)
- Тилеубаева Айару (Қостанай обл.)
- Изтаев Жұпаркүл (Түркістан обл.)
- Сейітқасым Аружан (Түркістан обл.)
- Балғабаева Аяулым (Жамбыл обл.)
- Өтеулі Сезім (Жамбыл обл.)
- Әлібек Сабина (Шымкент қ.)
- Өзбек Саяжан (Жетісу обл.)
- Қыдырәлі Ақбота (Түркістан обл.)
- Рсынхан Гүлнұр (Түркістан обл.)
- Мақсатқызы Шұғыла (Алматы обл.)
- Забильская Дария (БҚО)
- Оразбекова Наргиз (Астана қ.)
- Оразбек Ләззат (Шымкент қ.)
- Кулумбетова Сабина (БҚО)
- Рамазанова Анель (Абай обл.)
Ұлдар:
- -90 кг
- Мержанов Ерасыл (Абай обл.)
- Полша Бейсет (Қарағанды обл.)
- Ағыбаев Шахнияз (Қостанай обл.)
- Кемелбек Сабырбек (Жамбыл обл.)
- Қалмырза Ердәулет (Түркістан обл.)
- Жанболатұлы Эльнар (БҚО)
- Қыбышев Әлімжан (Қарағанды обл.)
- Адилжан Айдар (Алматы обл.)
- Бейсенәлі Мейірхан (Түркістан обл.)
- Базарбай Олжас (Шымкент қ.)
- Төре Қажымұхан (Астана қ.)
- Нұрахметов Ерасыл (Абай обл.)
🥈 15 сәуір – Екінші күн нәтижелері:
Қыздар:
- -44 кг
- 🥇 Таджимова Жансая (Қызылорда обл.)
- 🥈 Рахыбай Қарақат (Жетісу обл.)
- 🥉 Алтынбек Шолпан (Түркістан обл.)
- Өмірбекова Бақыт (Абай обл.)
- 🥇 Анарбекқызы Эльнара (БҚО)
- 🥈 Токмурзина Томирис (Астана қ.)
- 🥉 Рахметова Томерис (Жамбыл обл.)
- Алтыбайқызы Камила (Маңғыстау обл.)
- 🥇 Шегелекова Алира (Абай обл.)
- 🥈 Темірбек Сандуғаш (Ақмола обл.)
- 🥉 Баёва Эвелина (Қостанай обл.)
- Какенова Гүлназ (Ұлытау обл.)
- 🥇 Өмірбек Гүлназ (Түркістан обл.)
- 🥈 Саламат Сезім (Маңғыстау обл.)
- 🥉 Мадиярқызы Мадина (Ақмола обл.)
- Амангельдинова Анель (Абай обл.)
Ұлдар:
- -72 кг
- 🥇 Бақдәулет Ерасыл (Жамбыл обл.)
- 🥈 Бахытханұлы Нұржол (Павлодар обл.)
- 🥉 Саматұлы Асар (Ақтөбе обл.)
- Кнестиков Данил (Қарағанды обл.)
- 🥇 Мақсұтов Бекзат (Абай обл.)
- 🥈 Темірхан Мансұр (Жамбыл обл.)
- 🥉 Темірхан Дәрусейтхан (Түркістан обл.)
- Дүйсенбай Әли (Алматы обл.)
- 🥇 Қайратұлы Сұлтан-Бейбарыс (Абай обл.)
- 🥈 Әлімби Әли (Жамбыл обл.)
- 🥉 Сағиев Серіжан (Ұлытау обл.)
- Шайхыслам Бауыржан (Шымкент қ.)
🥈 16 сәуір – Үшінші күн нәтижелері:
- -55 кг
- 🥇 Даулет Диас (Астана қ.)
- 🥈 Миразат Айбатыр (БҚО)
- 🥉 Хамит Нұролла (Қарағанды обл.)
- 🥉 Муса Эржан (Қарағанды обл.)
- 🥇 Тугушев Рузимон (Түркістан обл.)
- 🥈 Сошнин Арсен (Ақтөбе обл.)
- 🥉 Тойжан Әділжан (Алматы обл.)
- 🥉 Бескемпір Жалғас (Астана қ.)
- 🥇 Алдаберген Нұрдаулет (Астана қ.)
- 🥈 Жаңабай Бекасыл (Жамбыл обл.)
- 🥉 Мажит Сәкен (Алматы қ.)
- 🥉 Дінмұханбетұлы Жанасыл (Алматы қ.)
- 🥇 Абдисамитұлы Сардар (Түркістан обл.)
- 🥈 Рахимов Амирбек (Ақтөбе обл.)
- 🥉 Маратов Думан (Атырау обл.)
- 🥉 Жамбыл Нұрболат (Шымкент қ.)
🏆 Жалпы командалық есеп:
- 🥇 Түркістан облысы – 6 алтын, 1 күміс, 4 қола
- 🥈 Абай облысы – 4 алтын, 0 күміс, 4 қола
- 🥉 Астана қаласы – 3 алтын, 2 күміс, 2 қола
Қосымша ақпарат:
📞 Байланыс: +7 708 854 55 96 (Айнұр)
📱 Instagram: @bqo_sport
Ел болашағы – ертеңгі чемпиондар. Жас балуандарға сәттілік тілейміз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-sport/press/news/details/979683?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау