ҚАЗАҚСТАН ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫМЕН КЕЗДЕСУ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

     2025 жылғы қаңтарда Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты Екатерина Смышляева “AMANAT” партиясының Қостанай облыстық филиалы жанындағы білім және денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі өңірлік кеңестің мүшелерімен кездесті, оған департамент қызметкерлері қатысты. Күн тәртібінде медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға қатысты заңнамадағы өзгерістер және денсаулық сақтауды цифрландыру талқыланды.

    Сонымен қатар, денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіби даярлығы мен біліктілігін бағалауға қатысты екі нормативтік құжатқа өзгерістер енгізу жоспарланып отырған “Ашық НҚА” порталында орналастырылған бұйрық жобасы туралы талқыланды.

    Атап айтқанда, ҚР ДСМ 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-249/2020 бұйрығымен бекітілген Денсаулық сақтау саласындағы мамандардың білімі мен дағдыларын, сондай-ақ кәсіби даярлығын бағалау қағидаларына, сондай-ақ ҚР ДСМ бұйрығымен бекітілген Денсаулық сақтау қызметкерлерінің Үздіксіз кәсіби даму нәтижелерін растау, біліктілік деңгейін беру және растау қағидаларына өзгерістер енгізу жоспарлануда 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-283/2020.

    Сондай ақ Қазақстан Республикасында дәрілік заттар айналымының қауіпсіздігі мен ашықтығын арттырудағы маңызды қадам ретінде дәрілік заттарды таңбалауды енгізу туралы талқыланды.

    Кездесуде медициналық мекемелердің өкілдері жаңа технологияларды енгізу, қызметкерлерді оқыту мен техникалық қолдаудың жетіспеушілігі мәселелерін айтты. Екатерина Смышляева медициналық қызметтердің сапасын жақсарту үшін цифрландыру мен дәрігерлердің біліктілігін арттырудың маңыздылығын атап өтіп, осы мәселелерді шешуге көмектесуге уәде берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-kostanay/press/news/details/979387?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version