Батыс Қазақстан облысының аудандық мәслихат төрағалары мен облыстық мәслихат депутаттары Астана қаласында ұйымдастырылған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты жанындағы жергілікті өкілді органдармен (мәслихаттармен) өзара іс-қимыл жасау жөніндегі кеңестің кеңейтілген отырысына қатысты.
Елорда төріндегі өткен алқалы жиында Батыс Қазақстан облысынан қатысқан бірқатар аудандық мәслихат төрағалары мен облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Мұқаев тарапынан өңірдегі өзекті деген мәселелер президиумға сауал ретінде жолданды. “Бюджетаралық қатынастар жүйесін жетілдіру, бюджетті қалыптастыру мен бөлу мәселесі”, “Киік мәселесі”, “БҚО Тасқала ауданы Тасқала ауылы маңындағы Деркөл өзені арнасын кеңейту”, “Шекара маңындағы елді-мекендерді дамыту мәселелері көтерілді. Барлық сұрақтар хаттамаға енгізіліп, болашақта заң тұрғысынан нақты жауап берілетіндігі айтылды. Ертеңгі күні де өз жалғасын табатын бұл отырыс өзінің оң нәтижесін беретініне сеніміміз мол.«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев мызғымайтын «Күшті Президент – Ықпалды Парламент – Есеп беретін Үкімет» үш тағанының маңызды элементі жауапты жергілікті басқару екенін үнемі айтып келеді. Бұл қағидат аясында мәслихаттарға маңызды міндет жүктелетіні сөзсіз. 2022 жылғы конституциялық реформалардың аясында мәслихаттардың дербестігін нығайту арналған жүйелі шаралар қабылданды. Соның нәтижесінде олар мемлекеттік саясаттың толыққанды қатысушысына айналып, жаңа кезеңде елдің дамуына үлкен үлес қосып келеді»-деді Палата Спикері Мәулен Әшімбаев.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zko/press/news/details/979505?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау