Құрметті Глубокое ауданының тұрғындары!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Құрметті Глубокое ауданының тұрғындары! Сіздерді 2025 жылғы 22 сәуір сағат 11.00де Глубокое ауылының мәдениет үйінің ғимаратында (Попович көшесі, 35 мекен-жайы бойынша) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ» жобасы аясында өтетін мемлекеттік мекемелердің өкілдері мен заңгерлер, сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлер өткізетін азаматтарды қабылдауына шақырамыз. Аталған акцияның мақсаты – азаматтарды қабылдау өткізе отырып, жеке мәселелері бойынша құқықтық консультация беру, сол арқылы қоғамның құқықтық мәдениет деңгейін арттыру. Қабылдауды ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің, Полиция Департаметінің, Прокурутураның, Мемлекеттік кірістер Департаментінің, денсаулық сақтау басқармасының, білім беру басқармасының, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының, энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының, ауыл шаруашылығы басқармасының, жер қатынастары басқармасының, мемлекеттік еңбек инспекциясының, «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының қызметкерлері және ШҚО заңгерлер палатасының заңгерлері өткізеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-glubokoe/press/news/details/979891?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version