Рахмет, офицер!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

10 сәуірде әлеуметтік желілерде Хромтау қаласы тұрғынының отбасы атынан полиция қызметкерлеріне алғыс білдірген жазбасы тарады.
Оқиғаның бейнежазбасымен сүйемелденген жарияланымда автор Хромтаудан Ақтөбе қаласына әкеле жатқан жүкті келінін ауруханаға жылдам жеткізуге көмектескен Ақтөбедегі №2 қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері Асан Абенов пен Серікбай Таймұхановқа шынайы ризашылығын жеткізеді.
«Келініміз толғатып, Хромтау қаласынан Ақтөбеге келгенбіз. Қала ішінде көлік өте көп, кептелісте ұзақ тұрып қалдық. Қасымыздан өтіп бара жатқан қызметтік автокөлікке өтініш білдіріп едік, сөзімізді жерге тастамай, Ақтөбе медициналық орталығына дейін жол ашып жеткізді » – деп түсіндіреді ол.
Ауруханаға жеткізгеннен кейін де босанушы медицина қызметкерлеріне аман-сау тапсырылғанша алаңдап, қастарында болған қайырымды тәртіп сақшыларына риза болған тұрғын сол күні келіні қыз баланы аман-сау дүниеге әкелгенін де қуанышпен жеткізеді.
Бұл жағымды жаңалықты қызметте жүріп естіген полиция майоры Серікбай Таймұханов пен полиция лейтенанты Асан Абенов сәбидің аман-сау дүниеге келгені үшін шын қуанған.
«Қызметте жүрген кезде болған бұл жағдай әлеуметтік желілерде тарайды деп мүлде ойламаппыз. Ауруханаға жеткізген соң, жарты сағаттан соң, келіншектің жұбайы хабарласып, толқып тұрып қызды болғанын жеткізгенде, қуанып қалдық. Азаматтардың қауіпсіздігі – біздің парызымыз» – дейді учаскелік инспектор Асан Абенов.
Әрбір ана мен сәбидің аман-сау, бақытты болуы маңызды деп санайтын қызметіне адал полицейлердің өздері де әрқайсысы үш баланың бақытты әкелері.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-aktobe/press/news/details/980176?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version