Бүгін СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов ауруханаға барып, соғыс ардагері Василий Макиенконың хал-жағдайын сұрап білді. Қазір ардагерге қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.
Василий Макиенко, үлкен жасына қарамастан белсенді өмір салтын ұстанып келді. Былтыр өңір басшысымен бірге Жеңіс күніне орай Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты. Келесі жылы ардагер өзінің ғасырлық мерейтойын атап өтпек.
“Василий Васильевичке тезірек сауығып кетуін тілеп, Жеңістің 80 жылдығын отбасымен, жақындарының ортасында қарсы алатынына үміт білдірдім. Ардагерлер — біздің мақтанышымыз, тарихтың куәсі. Оларға қамқорлық жасау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету — баршамыздың міндетіміз. Жастардың үлкен буынға құрметпен қарауын және оларға қиын сәтте көмек көрсетуге ұмтылысын қалыптастыру маңызды”, – деп жазды өңір басшысы әлеуметтік желіде.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/980417?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау