«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасы аясында еріктілерімен аудандық білім беру ұйымдарының мамандарына және білім алушылардың ата-аналарына «Орта білім беру жүйесіндегі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық: себептері, жағдайлары және алдын алу әдістері» тақырыбында құқықтық түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.
Осы орайда, Арал ауданына қарасты 49 орта мектептің директорларына, директордың оқу ісі бойынша орынбасарларына, есепшілеріне және білім алушылардың ата-аналарына волонтерлер тарапынан түсіндірме жұмыстары беріліп, жиын өткізілді.
Жиын барысында, білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен проблемалары туралы талқыланып,ата-аналар арасында сауалнама жүргізілді.
Сондай-ақ арнайы дайындалған әлеуметтік бейнероликтер көрсетіліп, тыңдаушылар тарапынан ұсыныс пікірлер айтылды.
#ЗАҢменТӘРТІП
#ЗАКОНиПОРЯДОК
#АдалАзамат
#Әділдік
#Жауапкершілік
#Теңқұқылы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-kyzylorda/press/news/details/979311?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау