Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірлерді абаттандыру, көгалдандыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес Сарыағаш ауданында дәстүрлі түрде күзгі және көктемгі ағаш егу жұмыстары жүргізілуде.
Бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаевтың бастамасымен Сарыағаш қаласын келбетті жасыл желекке айналдыру мақсатында «Ана мен бала» аллеясының аумағына ағаш көшеттері отырғызылды. Ауданның көркеюіне аудан басшысымен аудан еріктілері өз үлестерін қоса, белсенділік танытып, бөлінген аумақтарына 50 қара тал, 50 сән ағашы, 20 арша көшеттерін екті.Сонымен қатар, ауданға қарасты Тегісшіл және Ақжар ауылдық округ тұрғындары ағаш көшеттерін отырғызып, қоршау жұмыстарын жүргізді.
Сарыағаш қаласының сыртқы келбетін ретке келтіру, абаттандыру бағытында белсенді жұмыстар жалғасуда. Соның бірі, қала аумағынан өтетін А-15 республикалық маңызы бар тас жолының жиегінің екі беткейінде жалпы ұзындығы 5 шақырым аумаққа бұталы шарбақтар орнатылған. Аудан әкімі бұталы шарбақтарды суғару жұмыстарын арнайы жаяу аралап, бақылады. «Таза қала» мекемесінің басышысы Өткір Жакиповке тиісті тапсырмалар берді.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/979634?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау