Көкшетауда көрнекті әдебиетші ғалым, қоғам қайраткері Нарбай Сафиянұлы Ыбыраев тұрған үйдің қабырғасына мемориалдық тақта орнатылды. Бұл шара ұлағатты ұстаздың 90 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылып отыр.
Нарбай Сафиянұлы қазіргі Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, қазақ филологиясы факультетінің деканы қызметтерін атқарған. Еңбек жолында талай шәкірт тәрбиелеп, қазақ әдебиеттану ғылымына сүбелі үлес қосты.
Ескерткішті орнатуға өзі жұмыс істеген университеттің ұжымы ұсыныс білдірген.
Көзі тірісінде 30 жылдан артық тұрған үйдің қабырғасына мемориалдық тақта орнатылды.
Оның салтанатты ашылуына Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері, ғалымның ұрпақтары, бауырлары, әріптестері мен шәкірттері қатысты.
Ғалымның өмір жолы мен еңбегі білім мен ғылымға адалдықтың үлгісі – дейді Ақмола облыстық Мемлекеттік кірістер органдары ардагерлер кеңесінің төрағасы Теңбай Ыбыраев .
Бұл мемориалдық тақта – өткенге құрмет, болашаққа аманат. Ғалымның есімі мен өнегелі өмір жолы кейінгі ұрпаққа үлгі болып қала бермек.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/979218?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау