Жастар кеңесінің отырысы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Аян Бейсекин қаланың белсенді жастарымен кездесу өткізіп, онда атқарылған жұмыстардың қорытындылары шығарылып, жастар саясатын іске асыру жөніндегі жоспарлар белгіленді.

Негізгі мәселелердің қатарында жұмысшы кәсіптер мен жаңа жобаларды қолдау, әлеуметтік сала мәселелері, жұмысқа орналастыру, іс-шараларды ұйымдастыру және т.б. бар.

«Жастар ‒ қаламыздың болашағы ғана емес, оның қазіргі дамуының қозғаушы күші. Өткен жылы 15-тен астам жоба бойынша ауқымды жұмыс атқарылды. Алайда алда тұрған міндеттер аз емес», – деп атап өтті Екібастұз қаласының әкімі.

Жастар бастамаларын дамыту орталығы мен қала құраушы кәсіпорындар арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-ekibastuz/press/news/details/980545?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version