“Жасыл ел-жасыл Қазақстан” акциясы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақтың ұлттық дәстүрінде адамгершілікке баулитын, тіршілік иесіне зиян келтірмеу мен қоршаған ортаға жанашырлық сезімін тудыратын тәмсіл-ғұрыптар жеткілікті. “Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын” деген даналық сөздің өзі адамға байлықтан гөрі жасыл желектің орасан пайдасы барын айшықтап тұрғандай.Осы дәстүрдің жалғасындай болып Қайыңды ауылындағы Райымбек Смаилов атындағы орта мектепте «Жасыл ел – жасыл Қазақстан» атты акция болып өтті. Акцияға қатысушылар мектеп оқушыларының концерттік бағдарламасынан соң, мектеп ауласына 20 түп шырша ағашын отырғызды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-ryskulov-kayyndy/press/news/details/979733?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version