Жетісу облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің жылдық жоспарына сәйкес «Жетісу облысы аумағына карантиндік инфекциялардың әкелінуі мен таралуының алдын алу бойынша іс-шараларды ұйымдастыру, шекара мен аумақты санитарлық қорғау» тақырыбында 2025 жылдың 17-18 сәуір аралығында Алакөл ауданы «Алакөл» кеден бекетінде семинар және оқу-жаттығу сабақтары өткізілді.
Оқу-жаттығу сабағына «Алакөл» станциясы санитарлық-карантиндік бақылау бөлімінің қызметкерлері, Алакөл аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары, Үшарал обаға қарсы күрес бөлімшесі мамандары, Достық ауылдық ауруханасының медицина қызметкерлері қатысты.
Аңыз бойынша обамен ауырған шартты науқас Қазақстан Респуликасының азаматы, Қытай халық республикасына іссапарға кетіп бара жатқан кезде Алакөл кеден бекетінде анықталды. Алакөл станциясы санитарлық-карантиндік бақылау маманымен обамен науқастанған шартты науқас оқшауланып, болжамды нақтама қойылып, шұғыл хабарлаудың үлгілік схемасы іске қосылды.
Одан әрі жедел медициналық көмек көрсету бригадасының келіп, науқастан сынама алып, ауруханаға жеткізілуі, қорытынды дезинфекция іс-шараларын жүргізу және қорғаныш киімдерін шешу тәртібі көрсетілді.
Оқыту-жаттығу сабағының қорытындысы бойынша жиналыс өткізіліп, іс-шара барысындағы іс-әрекеттер талқыланды, қатысушылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, пікір алмасу жүргізілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsek-zhetisu/press/news/details/980366?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау