Шығыс Қазақстан облысында Жұмысшы мамандықтар жылын өткізу жоспарын жүзеге асыру аясында ағымдағы жылдың 16 сәуірінде «Согра ЖЭО» ЖШС базасында 9-сынып оқушыларына арналған Ашық есік күні өтті. Іс-шараның мақсаты – жастардың жұмысшы мамандықтарына қызығушылығын арттыру және кәсіби бағдар беруге ықпал ету.
Оқушылар жылу электр орталығының жұмысымен танысып, өндірістік цехтарды аралап, кәсіпорындағы негізгі технологиялық үдерістер мен сұранысқа ие мамандықтар туралы ақпарат алды. Экскурсияны тәжірибелі мамандар жүргізіп, өздерінің еңбек жолдары, жұмыс шарттары мен мансаптық өсу мүмкіндіктері туралы айтып берді.
Электромонтер, слесарь және станцияның тұрақты жұмысын қамтамасыз ететін өзге де техникалық мамандықтар оқушылардың ерекше қызығушылығын тудырды.
Осындай іс-шаралар оқушыларға жұмысшы мамандықтарының ерекшеліктерін жақсырақ түсінуге, нақты еңбек жағдайларын көруге және еңбек нарығында сұранысқа ие бола алатын өз мамандығын саналы түрде таңдауға көмектеседі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/980277?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау