2025 жылғы 25 -сәуірде Аягөз аудандық білім бөлімінің басшысы Н.Т.Азимбаев «А.Көшкімбаева атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне іссапармен келді.
Іссапар барысында мектепке жаңадан жеткізілген модификациялық химия және математика пән кабинеттерінің материалдық-техникалық жабдықталу сапасына бақылау жүргізілді. Кабинеттердің жабдықталуы қазіргі заманғы оқу талаптарына сай екендігі, оқу процесіне тиімді ықпал ететіні атап өтілді.
Сонымен қатар, мектеп асханасындағы ыстық тамақпен қамтамасыз ету жұмыстары тексерілді. Атап айтқанда, күнделікті ас мәзірінің бекітілген талаптарға сәйкестігі, тағам өнімдерінің сапасы, олардың сақталу мерзімі мен сақтау жағдайлары, сондай-ақ тағам дайындау технологиясы мен ас блогының санитарлық жағдайы жіті назарда болды.
#апқо_абай_облысы_аягөз
#аягөзаудандықбілімбөлімі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ayagoz-roo/press/news/details/985562?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау