Ақтөбеде Бірлік күніне арналған республикалық жүгіру марафоны өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне және Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай Ақтөбеде «Бірлік» республикалық жүгіру марафоны мен «Халық күші – бірлікте» атты мерекелік шара өтті.

Шара қоғамдық келісімді нығайту, Қазақстан халқының бірлігі идеяларын насихаттау және салауатты өмір салтын дәріптеуді мақсат етеді.

Жүгіруге 350 адам қатысты. Олардың қатарында – жастар, еріктілер, спортшылар, қала тұрғындары және этномәдени бірлестіктерден 50 өкіл болды.

Жарыстың ашылуында Ақтөбе облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Сергей Викторович Вишняк қатысушыларға сәттілік тілеп, құттықтау сөз сөйледі.

Қашықтық – 5 шақырым. Барлық қатысушы естелік медальдармен марапатталды.

Мерекелік шара «Қазақстан халқына мың алғыс» стеласының жанында жалғасты. Онда отандық тауар өндірушілердің жәрмеңкесі, қолданбалы өнер көрмесі және концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

#Ақтөбе #Бірлік2025 #1мамыр #Бірліккүні #Ассамблея30жыл #ХалықКүші

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-sayasat/press/news/details/987709?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version