2025 жылдың 18–29 сәуір аралығында аудан прокуратурасы Аршалы ауданының әкімдігімен бірлесіп, Жібек жолы, Ижев, Ақбұлақ, Берсуат, Анар, Түрген, Константиновка, Михайловка, Арнасай, Елтоқ, Бұлақсай, Сарыоба ауылдық округтері мен Аршалы кентінде аудан тұрғындарымен кездесулер өткізді.
Кездесу барысында жергілікті тұрғындармен құқық бұзушылықтардың алдын алу шарасы өткізілді, есірткіге қарсы іс-қимыл және оқу орындарында буллингтің профилактикасы мәселелері қозғалды.
Сонымен қатар, Қойгелді ауылын мысалға ала отырып, тұрғындардың алкоголдік ішімдіктерден бас тарту мәселелері талқыланды.
Аудан аумағында қызмет атқаратын ұйымдар жұмысшыларының еңбек құқықтары түсіндірілді.
#ЗАҢ_және_ТӘРТІП
Ақмола облысының прокуратурасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/987747?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау