«Авторлық құқық» күніне арналған «кездесу»

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаменті ағымдағы жылдың 25 сәуірінде Өскемен қаласының Жастар орталығында, «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК өкілінің, 1С компаниясының, Өскемен қаласы әкімдігінің «Креативті индустрияны дамыту орталығы» КММ өкілдерінің, жазушылар, суретшілер және композиторлар одағының өкілдерінің, сондай-ақ қала креаторларының қатысуымен «Авторлық құқық» күніне арналған «Авторлық құқықты тіркеу және қорғау» тақырыбында «кездесу» өткізді.
«Кездесу» қатысушыларымен авторлық құқықтарды қорғау, тіркеу маңыздылығы және зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды қорғау саласында құқықтық түсіндіру жұмыстарын ұлғайту мәселесі талқыланды.
Іс-шара барысында қатысушылар өздерінің авторлық туындыларымен бөлісіп, оларға авторлықты құқықты алу мәселелері бойынша пікірлерін білдірді.
Қорытындыда, ШҚО Әділет департаменті авторлық құқықты қорғау, тіркеу бойынша ынтымақтастыққа дайын екендігін білдірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-shko/press/news/details/985574?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version