Еңбекші ауылында қоғамдық қауіпсіздік пен санитарлық тазалықты қамтамасыз ету мәселелері қарастырылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Еңбекші ауылында қоғамдық қауіпсіздік пен санитарлық тазалықты қамтамасыз ету мәселелері қарастырылды
 
Бүгін Еңбекші ауылында ауылдық округ әкімі Е.Жусуповтың төрағалығымен жұмыс жиналысы өтті. Жиынға ауылдық жергілікті қоғамдастық төрағасы С.Бекжанов, бюджеттік мекемеле басшылары қатысты.
 
Күн тәртібінде қоғамдық тәртіпті сақтау, ауыл ішіндегі көлік қозғалысын реттеу, “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы шеңберінде жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысы және көктемгі мерзімді әскерге шақыру науқаны бойынша атқарылып жатқан шаралар қаралды.
 
Жиын барысында ауыл ішіндегі қоғамдық қауіпсіздік пен жол қозғалысының ережелерін сақтау мәселелері кеңінен талқыланып, осы бағытта атқарылатын жұмыстар нақтыланды. Сондай-ақ, елді мекенді көгалдандыру, санитарлық тазалықты сақтау, қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша нақты тапсырмалар берілді.
 
Көктемгі мерзімді әскерге шақыру науқаны аясында жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу және әскерге жіберу жұмыстарын ұйымдастыру жайы да қарастырылды.
 
Жиын соңында қатысушылар өз ұсыныстарын ортаға салып, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған ой-пікірлерімен бөлісті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-shieli-enbekshi/press/news/details/985645?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version