28 наурызда Абай облысының Әділет департаментінің жұмыс жоспарын орындау мақсатында коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу саласындағы бақылау бөлімінің басшысы Гульжан Сабалакова, мамандары Сауле Галиева және Данна Муратова «Азаматтарға арналған үкімет» «Мемлекеттік корпорация» КЕАҚ Абай облысы бойынша филиалының Семей қаласының және Жаңасемей ауданының АХАТ бөлімдерінің қызметкерлеріне азаматтық хал актілерін тіркеу мәселелері бойынша, 2002 жылы 07 қазанда Кишинев қаласында қол қойылған Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек және құқықтық қатынастар туралы Конвенция мәселелері бойынша семинар өткізілді.
Семинар барысында апостиль қоюға арналған құжаттарды рәсімдеу тәртібі түсіндірілді.
Семинардың мақсаты: қолданыстағы заңнама нормаларын сақтау, сапаны арттыру, мерзімдерін сақтау, мемлекеттік қызмет көрсету саласында негізсіз бас тартуға жол бермеу.
Семинар қорытындысы бойынша тұрақты негізде түсіндірме сипаттағы бірлескен іс-шаралар өткізу туралы шешім қабылданды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-abai/press/news/details/987838?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау