Облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму, заңдылық, құқық тәртібі және жұртшылықпен жұмыс жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы 10 ақпан күні облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму, заңдылық, құқықтық тәртіп және жұртшылықпен жұмыс жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Айгүл Дүйсенованың төрағалығымен өткен отырыста олимпиадалық және ұлттық спорт түрлерін дамыту, спортшылардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, сондай-ақ “Дара бала” бағдарламасын іске асыру мәселелері қаралды. Жиынға облыстық мәслихат төрағасы Гүлқасима Сүйінтаева қатысты.
 
✔️ Отырыста облыстық спорт, білім және мәдениет басқармаларының басшылары баяндама жасап, атқарылған жұмыстар жайында айтып берді.

🔹 2025-2028 жылдарға арналған концепцияға сәйкес облыста ұлттық және олимпиадалық спорт түрлерін дамыту көзделіп отыр.
Бүгінде өңірде 37 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі болса, онда 25749 жас спорттың 52 түрімен шұғылданады. Осы контингенттің 14127-і — аудандарда. Алдағы уақытта облыста осы спорт түрлерін, сондай-ақ 31 олимпиадалық спорт түрін дамыту жоспарланып отыр. Соңғы кезде өңірде ұлттық спорт түрлеріне қызығушылық танытатындар көбеюде.

🔸 Отырыста қозғалған екінші мәселе — “Дара бала” жобасын жүзеге асыру. Бұл
платформа қысқа мерзімде әзірленіп, өз жұмысын 2023 жылдың қаңтарында бастады. “Дара бала” порталын спорт секцияларының, шығармашылық және білім беру үйірмелерінің операторлары тегін пайдаланады.
2025 жылы аталған платформа арқылы жалпы саны 20 мыңға жуық баланы үйірмелермен қамтуға бюджеттен 3 млрд 272 млн теңге қаржы бөлініп отыр.

▪️”Darabala.kz” платформасында көрсетілетін қызметті Ақтөбе қаласының тұрғындары ғана емес аудандар да пайдалана алады. Қазіргі таңда платформада 90 107 ата-ана, 64116 бала тіркелген.  
2023 жылы 3 бағытта орналастырылған мемлекеттік тапсырыс аясында 23 213 бала қосымша біліммен қамтылды, оның ішінде білім саласы бойынша 6 бағыттағы 32 үйірмеге 6000 бала, спорттық бағытта- 8568 бала, шығармашылық бағытта 8645 бала қосымша білім алған.

✔️Депутаттар отырыста спорт саласына бөлінген қаржының тиімді жұмсалуы керектігін жеткізді.

⚜️Айта кету керек, балалардың бұқаралық спорты, шығармашылығы және білім беру саласын қаржыландыру бағдарламасының заңнамалық негізі 2020 жылдың соңында – Президент өз жолдауында тиісті тұжырымдаманы жариялағаннан кейін қаланды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-aktobe-district/press/news/details/985635?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version