Су тасқынының алдын алу және өрттің алдын алу

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шығыс Қазақстанға жұмыс сапары аясында ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі Рамиль Камалов Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев пен Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағановтың қатысуымен өткен кеңеске қатысты.

 Қазіргі уақытта облыста күрт жылыну салдарынан өрт шығу ықтималдығы артты. Бұл туралы Департамент бастығы Рашид Блялов хабарлады.

 Жыл басынан бері 11 өрт ошағы анықталды. Барлық өрттер жедел сөндірілді. Қазіргі уақытта 1500 адам және 306 бірлік техника әрекет етуге дайын. 12 ұшқышсыз ұшу аппараты аудиовизуалды бақылауға дайын. Аймақ бойынша 22 мобильді бригада құрылды. Олардың ішінде азаматтық қорғау, полиция, орман шаруашылығы және жергілікті атқарушы органдардан 140-тан астам адам бар. Мобильді топтар 64 рейд жүргізіп, әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы 32 іс қозғады, – деп Рашид Блялов хабарлады. Табиғи өрттердің алдын алу мәселелері қазір құтқарушылар мен барлық мүдделі органдардың басымдығында тұр.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-vko/press/news/details/985692?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version