2025 жылдың бірінші тоқсанында Абай облысы Әділет департаменті сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында бірқатар іс-шаралар өткізді. Аумақтық бөлімшелермен сыбайлас жемқорлыққа қарсы дәрістер мен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, білім беру мекемелерінде студенттерге сыбайлас жемқорлықтың салдары мен алдын алу шаралары жөнінде лекциялар оқылды. Мемлекеттік қызметшілер үшін «Мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыбында семинарлар өткізіліп, сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, жергілікті БАҚ-та сыбайлас жемқорлықты алдын алу мәселелері бойынша мақалалар жаряланып, қоғамды құқықтық мәдениетті арттыру мақсатында түсіндіру жұмыстары белсенді жүргізілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-abai/press/news/details/987821?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау