1 мамыр күні аудандық мәдениет үйінде Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған салтанатты мерекелік іс-шара өтті. Бұл күн – ұлт пен ұлыстың ұйытқысы болған ел бірлігін айшықтайтын айтулы мейрам.
Іс-шара барысында аудан әкімі Нұрлыбек Унербаев құттықтау сөз сөйлеп, аудан тұрғындарын мерекемен шын жүректен құттықтады. Ол өз сөзінде бейбітшілік пен келісім – еліміздің басты байлығы екенін атап өтіп, аудан аумағында тұрып жатқан түрлі ұлт өкілдеріне өзара түсіністік пен достықта өмір сүріп келе жатқандары үшін алғысын білдірді.
Мереке аясында ауданның түрлі этнос өкілдері бейнеүндеу арқылы тұрғындарға жүрекжарды тілектерін жолдап, татулық пен достықты насихаттайтын жылы лебіздерін білдірді.
Мәдениет үйінің шығармашылық ұжымдары мен өнерпаздары ұсынған концерттік бағдарлама мерекенің көрігін қыздырып, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-kargala/press/news/details/988082?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау