«1 МАМЫР – ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ БІРЛІГІ КҮНІ» АТАЛЫП ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін Шымкент қаласының «Орталық саябағында» Әл-Фараби ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Бірлігіміз жарасқан Қазақстан» атты мерекелік іс-шара өтті.

Іс-шара барысында аудан әкімінің міндетін атқарушы Ержан Ерланұлы тұрғындар мен қонақтарды атаулы мерекемен құттықтап, ауданның дамуына үлес қосып, белсенділік танытқан азаматтарға “Алғыс хаттар” табыстады.

Кеш қонақтарын ұлттық киімдер мен қолөнер көрмесі, концерттік бағдарлама және этномәдени бірлестіктердің құттықтаулары қуантты.

Мереке халықтар достығын дәріптеген жылы жүздесуге ұласты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-al-farabi/press/news/details/987991?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version