Құрметті аудан тұрғындары!
Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл күн – әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, азаматтық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің мерекесі.
Еліміз егемендігін алғалы бері де достықты, бірлікті, тең құқықты ту етіп келеді. Соның арқасында бүгінде Қазақстан достықтың киелі шаңырағына айналып отыр.
Біздің ауданда 18 ұлттың өкілі өмір сүріп жатыр.Барлығы да берекелі бірлікпен, тату тірлікпен ұлтаралық қатынасты берік сақтап келеді.
Ортақ Отанымыз Қазақстанның босағасын берік, шаңырағын биік ұстап, түтінін түзу ұшыру елдік міндет.
Алдағы уақытта да ұлттық игілігімізге айналған азаматтық татулық пен этносаралық келісімді сақтау – жалпыұлттық міндет болып қала бермек.
Бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі одан әрі жалғасып, еліміздегі ұлтаралық татулық әрдайым берік болсын!
Құрметпен, аудан әкімі Д.Тоғызбаев.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-aitekebi/press/news/details/989762?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау