2025 жылғы 5 мамырдағы жағдай бойынша   қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою туралы есеп

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2023 жылғы 5 мамырдағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органға Екібастұз қаласының әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде 230 қауіпті техникалық құрылғы, оның ішінде жолаушылар лифтілері, қысыммен жұмыс істейтін ыдыстар (су жылыту қазандықтары), эскалаторлар есепке алынды.

«Қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкес, елді мекен шекарасы шегінде әлеуметтік объектілерде (денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт мекемелері, көппәтерлі тұрғын үйлер, сауда-ойын-сауық орталықтары және т.б.) қауіпті техникалық құрылғыларды пайдаланатын меншік иелері осы объектілерді тұрғын үй инспекциясына есепке қою шараларын қабылдауы тиіс.

Есепке қою үшін өтініш беруші қауіпті техникалық құрылғының паспортын қоса бере отырып, «Е лицензиялау» порталы арқылы жүгінеді, мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі – 3 жұмыс күні.

Мемлекеттік қызмет толығымен автоматтандырылған, жергілікті атқарушы органға есепке қою мәселелері бойынша 34 71 19 нөмірі бойынша жүгінуді ұсынамын.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ekibastuz-inspekcia/press/news/details/989716?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version