Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қостанай облысы бойынша өкілі мониторинг жүргізу мақсатында №38 мекемеге барды.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қостанай облысы бойынша өкілі ағымдағы жылы 30 сәуірде мониторинг жүргізу мақсатында №38 мекемеге барды.

Мониторинг аясында тұрғын үй ғимараттарын, коммуналдық-тұрмыстық объектілерді және медициналық қызмет көрсету бөлмелерін аралады. Сондай-ақ, электрондық өтініштерді беру үшін терминалдардың жұмысы тексерілді.

Сонымен қатар, Қылмыстық атқару жүйесі департаментімен ұйымдастырылған “Жаңа өмірге жол” пилоттық жобасы аясында жазасын өтеп жүрген азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, тиісті түсіндірмелер берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-kostanay-oblysy/press/news/details/988122?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version