Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Алматы қаласында және Абай облысында жанар-жағармай материалдарының (ЖЖМ) заңсыз айналымының ірі фактісінің жолын кесу туралы хабарлайды.
Мәселен, 2025 жылғы 30 сәуірде Алматы қаласындағы мұнай базаларының бірінде тексеру іс-шаралары барысында 35 миллион теңгеден астам сомада
177 100 литр ЖЖМ анықталды. Өнімдер резервуарларда, бензин тасымалдау көліктерінде және пластик ыдыстарда тиісті құжаттарсыз сақталған. Материалдар процестік шешім қабылдау үшін Алматы қаласының Экономикалық тергеу департаментіне жолданды.
Бұған дейін, 2025 жылғы 25 сәуірде, Семей қаласында (Абай облысы) жүргізілген жоспардан тыс салықтық тексеру нәтижесінде салық есебіне алынбаған, қызметті заңсыз жүзеге асырған, тіркелмеген автожанармай құю станциясы анықталды. Құны шамамен 19 миллион теңге 70 тоннадан астам мұнай өнімдері алынды. Материалдар Абай облысының Экономикалық тергеу департаментіне жолданды.
Акцизделетін тауарлардың заңсыз саудасы экономикаға зиян келтіріп, адал кәсіпкерлер үшін теңсіз жағдай туғызады және қоршаған орта мен халық қауіпсіздігіне қауіп төндіруі мүмкін.
Мемлекеттік кірістер комитеті азаматтарды осындай бұзушылықтар туралы МКК аумақтық бөлімшесіне немесе 1414 нөмірі бойынша Call-орталық арқылы хабарлауға шақырады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/988644?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау