2025 жылыдың 2-3 мамыр аралығында Аягөз қаласының орталық стадионында Ақшатау ауылының тумасы, ардагер ұстаз Мерғазы Рашатұлы Тегімбаевты еске алуға арналған жасөспірімдер арасында жеңіл атлетиканың жеті түрінен турнир өткізілді. Бұл турнирге арнайы осы турнирді ұйымдастырған Алматы қаласынан Мерғазы ағамыздың қызы Раушан Рашатова,ұлы Нұрлан Тегімбаев,немересі Батырхан Мерғазы келді.Турнирдің ашылу салтанатына Мерғазы ағамызбен қызметтес болған Сарыарқа ауылының тұрғыны,зейнеткер ұстаз Омаров Тоқтар Жұмаханұлы, Аягөз ауданы ақсақалдар алқасының төрағасы, ардагер ұстаз Жұмағазин Ақанай Жұмағазыұлы қатысып, Мерғазы ағамыз туралы естеліктер айтып жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Үлкендерден кейін осы турнирді өткізуге мұрындық болған Мерғазы ағамыздың ұлы Алматы қаласының тұрғыны,әке жолын қуған денешынықтыру пәнінің ұстазы,Алматы қалалық таэквондо федерациясының мүшесі, бірінші дан ,қара белбеу иегері Нұрлан Тегімбаев барша қатысушыларға, демеушілік көрсеткен азаматтарға алғыс білдіріп,жарысқа қатысушыларға ақ жолтай тілегін арнады. Жарысты жүргізуші Мерғазы ағамыздың қысқаша өмір баянымен жұртшылықты таныстыра келіп, сөз кезегін Мерғазы ағамыздың шәкірттері,осы турнирдің өтуіне қолдау көрсетіп демеушілік жасаған Алматы қаласының тұрғыны Нұрлыбаев Абдулхамит Раматұлы, Алматы қаласынан Сембаева Сандуғаш Балтабайқызы,Сарыарқа ауылынан Қаинбаев Қабаш Қоңыртайұлының атынан Сарыарқа ауылының тұрғыны Жетпісов Қанат Тұрсағатұлына сөз кезегін ұсынды.
Қанат Тұрсағатұлы Мерғазы ағамыз жөнінде жан тебірентер естеліктер айтып, шәкірттері атынан Мерғазы ағамыздың ұл қыздарын құттықтап, қатысушыларға табыс тіледі.Ақшатау ауылындағы Айғыз Көшкімбаева атындағы мектептің директоры Мұхтар Тұрсәлімұлы Мырзаханов Мерғазы ағамызға биыл күзде мектептен берілген кабинеттің ашылатынын хабардар етіп,ағамыздың ұл, қыздарына алғысын білдірді.
Аудандық білім бөлімінің әдіскері Сәкен Қыржыбаев осы турнирдің өтуіне тікелей ат салысқан Мерғазы ағамыздың балдызы Аягөз қаласының тұрғыны Аятбек Қожаұлы Ақтеміровтің еңбегін ерекше атап өтіп, ағамыздың ұлы Нұрлан Тегімбаевқа,қызы Раушан Рашатоваға,жарысты өткізуге көмектескен балалар-жасөспірімдер спорт мектебіне,аудандық білім бөлімінің басшысы Азимбаев Нұрғали Тілекқалиұлына,турнирдің көркемдік жағын ұйымдаструға көмек қолын созған аудандық «Қозы-көрпеш-Баян» сұлу мәдениет үйінің директорының міндетін атқарушы Абзал Ахтемировқа зор ризашылығын білдірді.Мерғазы Тегімбаев атындағы жеңіл атлетикадан аудандық турнир жыл сайын өткізілетіндігінен хабардар етті. Аудандық турнир өте жоғарғы деңгейде ұйымдасқан түрде өтті.
Турнирды ұйымдастырушыларға,демеушілерге, қолдау көрсеткен барша азаматтарға зор алғысын айтып ,еңбектеріне толғай табыстар тіледі.
Келесі сөз бүгінгі жарыстың бас төрешісі Сарыарқа орта мектебінің дене тәрбиесі пәнінің ұстазы,ауданымыздың мақтанышы,Мерғазыдай ұстаздың жолын қуған шәкірті Қаинбаев Қабаш Қоңыртайұлына беріліп, жарыстың өту тәртібімен таныстырып өтті.
Мерғазы ағамыздың рухына бағышталып құран оқылып, ас берілді..
Жарыс басталып, қыздар 100 метрге жүгіру,үлдар орнынан тұрып секіру,артынан ұлдар секіру,қыздар 100 метрге жүгірді. Артынын 400 метрге жүгіруден қыздар да,ұлдар да жүгірді.
Артынын 400 метрге жүгіруден қыздар да,ұлдар да бақтарын сынады. Бірінші күннің қорытындысы болып, қыздар 1500 метрге жүгіруден жарыс жолына шықты. Екінші күні 200 метрге (ұлдар,қыздар), 800 метрге(ұлдар,қыздар),2000 метрге жүгіру ( ұлдар), 4×100 эстафеталық жүгіріс сияқты спорт түрлерінен жарыс жолдарына шықты. Жарыс қорытындысына келсек:
Ұзындыққа секіру (қыздар)
I орын- Нұрсұлтанова Камила (гимназия)
ІІ орын- Оханова Аяулым (Сары арқа)
ІІІ орын- Жасболат Қымбат (Ж. Жабаев)
(Ұлдар)
І орын- Зингатинов Адил (Д. Бабатай ат.ом)
ІІ орын- Ильясов Нұрбек (Ақши)
ІІІ орын- Бауыржан Асылжан ( Сары арқа)
100 м. (ұлдар)
І орын- Бауыржан Асылжан (Сары арқа)
ІІ орын- Ильясов Нұрбек (Ақши)
ІІІ орын- Мукашов Саян (Сары арқа)
(Қыздар):
І орын- Қонртаева Әмина ( Сары арқа)
ІІ орын- Нурекенова Перизат (Шыңғожа)
ІІІ орын- Мухаметкаримова Мадинат (гимназия)
400 метр (ұлдар):
І орын- Мукашов Саян (Сары арқа)
ІІ орын- Ильясов Нұрбек (Ақши)
ІІІ орын- Бауыржан Асылжан (Сары арқа)
400 метр (Қыздар):
І орын- Қонртаева Әмина (Сары арқа)
ІІ орын- Ескендір Айзере (лицей)
ІІІ орын- Хайнулдаева Сабина (№1 о.м)
1500 метр (қыздар):
І орын- Оханова Аяулым (Сары арқа)
ІІ орын- Мәдениетқызы Інкәр (гимназия)
ІІІ орын- Қуанышбаева Айзада (Д. Бабатай ат. ом)
Эстафета 4*100 (2 ұл, 2 қыз)
І орын- Сары арқа
ІІ орын- №5 орта мектеп
ІІІ орын- гимназия
800 метр (ұлдар):
І орын- Мукашов Саян (Сарыарқа)
ІІ орын- Шаймуратов Ануар (№5 ом)
ІІІ орын- Турдиев Аслан (Д. Бабатайұлы ат.ом)
Қыздар:
І орын- Конртаева Амина (Сарыарқа ом)
ІІ орын- Елшібекова Алина ( гимназия)
ІІІ орын- Мәдениетқызы Іңкәр (гимназия)
200 метр (ұлдар):
І орын- Бауыржан Асылжан (Сарыарқа ом)
ІІ орын- Қажыкенов Нариман (№5 ом)
ІІІ орын- Мелисханов Бекжан (№5 ом)
200 метр (қыздар):
І орын- Ескендір Айзере (лицей)
ІІ орын- Мухаметкаримова Мадинат (гимназия)
ІІІ орын- Еркешова Нұрай (гимназия)
2000 метр жүгіру:
І орын- Малдыбаев Еркеболсын ( Ж. Жабаев)
ІІ орын- Тұрғалиев Нұрбай (гимназия)
ІІІ орын- Қажыбеков Керейхан (№5 ом)
Жарыс өз мәресіне жетті. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер М. Тегінбаевтың балаларының, туыстарының және демеуші болған Жетпісов Қанат Тұрсағатұлының демеушілігімен алынған кубоктармен, медальдармен, бағалы сыйлықтармен, марапат қағаздарымен марапатталды.
Командалық есепте:
І орын- Сарыарқа орта мектебі;
ІІ орын- Мектеп- гимназия;
ІІІ орын- Д. Бабатайұлы ат.ом;
Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ayagoz-roo/press/news/details/989723?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау