Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы қала тұрғындары мен қонақтарын Манас көшесінен Б.Момышұлы даңғылына дейінгі учаскеде Абылай хан даңғылының орташа жөндеу бойынша жұмыстардың басталғаны туралы хабардар етеді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы қала тұрғындары мен қонақтарын Манас көшесінен Б.Момышұлы даңғылына дейінгі учаскеде Абылай хан даңғылының орташа жөндеу бойынша жұмыстардың басталғаны туралы хабардар етеді. Осыған байланысты, ағымдағы жылғы 3 пен 9 мамыр  аралығында көрсетілген учаскеде қозғалыс ішінара жабылатын болады. Бұл ретте автокөлік құралдарының қозғалысы тараптардың бірі бойынша бір бағытта кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарды алдын ала жоспарлауды және қозғалысты ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескеруді сұраймыз. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.

Осы өзгерістерге түсіністікпен қарауды және қала бойынша қозғалыстарды жоспарлау кезінде оларды алдын ала ескеруді сұраймыз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-uad/press/news/details/988872?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version